Алматы әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы әуежайының экс-президенті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Айбол Бекмұхамбетов пен Қуаныш Тұмышев бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Олар әуежайдың жаңа иесіне миллион долларға жуық шығын төлеуі керек.
Авиациялық жанар-жағармай қызметінің бұрынғы басшысы Қуаныш Тұмышевқа да осындай жаза тағайындалды.
Келтірілген залалды өз еркімен өтеуге 1 ай мерзім беріледі.
Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне жеке қаулы шығарылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және қарсы шағым түсіруге болады.
2023 жылы елдің назарын аударған қандай атышулы сот істері өтті?
Талдықорғанда екі тұрғын үй кешенін салу кезінде әкімдіктен 250 миллион теңгеден астам қаражат ұрлағандар сотталды
Айбол Бекмұхамбетов пен Қуаныш Тұмышевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша айып тағылған.
Іске бірнеше компаниялар қатысты:
Тarlan Aero – халықаралық авиакомпаниялардың әуе кемелеріне қызмет көрсету бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асырады, оның ішінде жеке "Украина халықаралық әуе жолдары" АҚ;
Aster Aviation Services – Тarlan Aero серіктесі, өзінің басқа серіктесі – дүние жүзіндегі жаһандық агент – World Fuel Service (WFS) компаниясымен әуе кемелеріне жанармай құю бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.
Бұған дейін судья Динасыл Жанатқызы кеңесу бөлмесіне кеткен. Алайда сот үкімі шығатын күні ол сот тергеуін қайта бастады.
Нәтижесінде айыптау актісі өзгертіліп, оның көлемі 33 беттен 245 бетке дейін ұлғайтылды, прокурор Тимур Құлыбаевтың серіктесі Раушан Сағдиева мен әуежайдың тағы бір бұрынғы президенті Болат Ержановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастауды сұрады.
Бекмұхамбетов жұмыс істеген жылдары Алматы халықаралық әуежайын Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған. 2020 жылы оның Venus Airport Investments B.V. әуе айлағын 415 миллион долларға түрік холдингі TAV Airports Holding-ке сатты.