Ақтаудағы сәбіз бағасына байланысты Маңғыстау әкімдігі мәлімдеме жасады

367

Фото: pixabay.comKaz Fruit Company компаниясының бас директоры Замин Сафаров сәбіздің бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Видеоны Маңғыстау облысы әкімдігінің Instagram парақшасы жария еткен. Бас директордың сөзінше, қазір қалада сәбіздің келісі 800 теңгеден сатылып жатыр деген ақпарат жалған. 


Сафаровтың сөзінше, дүкен сөрелерінде сәбіздің бағасы келісіне 90 теңгеден басталады. Ол дүкендерде сәбіз ассортименті жоғары екенін, ал бағасы өндіруші елге байланысты екенін түсіндірді.


 "Ақтауда сәбіз 800 теңге тұрады деген ақпарат жалған. Біздің кәсіпорында сәбіздің бірнеше түрі бар. Әлеуметтік маңызы бар, тұрғындардың басым көпшілігі тұтынатын сәбіз 185 теңге тұрады. Сондай-ақ 90 теңге тұратын сәбіз де бар. Премиум санаттағы сәбіз де бар. Оның бағасы 450 теңгеден басталады. Мен Израильден тасымалдайтын сәбіз 745 теңге тұрады. Оның өз бағасы 700 теңгеге шығады", - дейді Kaz Fruit Company бас директоры. 


Оның сөзінше, қымбат сәбіздің бұл санаты аз мөлшерде сатылады және тұтынушылары бар. 
Сафаров сәбіздің негізгі түрі 185 теңгеден сатылып жатқанын айта кетті. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.