"Показуха" - жер аударып, көше сыпырған облыс әкімін тұрғындар сынап тастады

260

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жылы орындығын тастап, көше сыпыруға шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қала халқы облыс әкімін танып, оның қара жұмыс істеп жүргіненіне таң қалған.


Десе де, ақтөбеліктерге әкімнің бұл әрекеті жақпай қалған. Олар әкімдердің «аспаннан салбырап түспейтінін, көше тазарту әркімнің ортақ ісі» екенін айтқан.


Сонымен бірге олар әкімнің жай күндері бұлай жүрмейтінін, бұл тек "пиар" екенін" жазған. Олар бұған дейін әкім болған Бердібек Сапарбаевтың да осылай жүргенін еске алды. 


"Пиарщик қой, несіне шулайсыңдар", «Атың шықпаса жер өрте ғой», «Аспаннан салбырап түспеген шығар, несі бар, қарапайым адам емес пе?», «Показуха», «Очко жинап жүр», - деп жазды олар.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.