Мектепте бұрын сотты болған адамдар жұмыс істеген
ШҚО-дағы мектепте қылмыстық жауапқа тартылған адамдар жұмыс істеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы білім беру ұйымдарында еңбек кодексін бұзу фактілерін анықтады, қылмыстық тарихы бар адамдар кәмелетке толмағандардың қатысуымен еңбек қызметін жүзеге асырған.
«Атап айтқанда, аудандық мектепте бұрын қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған мұғалім мен 2 күзетші жұмыс істеді. Сондай-ақ психиатриялық бұзылуларға байланысты «Д» есебінде тұрған 1 адам (көмекші персонал) балалардың қатысуымен қызметті жүзеге асырғаны анықталды», - делінген хабарламада.
Прокуратура шаралары бойынша білім беру ұйымдарында жұмысына жол берілмейтін адамдармен еңбек шарттары бұзылды. Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Заңнамада көзделген шектеулері бар педагогтің кәсіби қызметіне рұқсат бергені үшін мектеп басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.