Ер адам қала арасындағы тас жолда мас күйде жолаушылар тасымалдаған

1 391

Фото: pixabay.com50 жастағы ер адам  Астана - Петропавл автожолында мас күйінде жолаушыларды тасыған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Автобустың мас жүргізушісі 40 жолаушыны тасымалдаған.

“Тәртіп сақшылары Астана - Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты. Құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды. Онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.