Елді елеңдеткен балалар екпесі

674
Соңғы уақытта көпшілік арасында вакцинация, яғни екпе туралы әңгіме жиі айтыла бастады деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Бұл әрине, бүкіл әлемді дүрбелеңге салған коронавирус инфекциясының адамзатқа тажал сеуіп, ауыр зардап шектіріп, айы­лын жимай отырғанына тікелей байланысты болыр отыр.

Бүгінгі таңда вакцинациялау тек ересектер арасында ғана  емес, сонымен қатар 12  жастан асқан балаларға салыну жайлы ақпарат ата-аналарды дүрліктіруде. Алайда, Денсаулық сақтау министірі Алексей Цой қолжетімділік құқығын, оның ішінде балалар үшін де қамтамасыз ету өте маңызды деп     сендірді. 

«Бастапқы кезеңде қазан айында Pfizer вакцинасын балалар мен аяғы ауыр әйелдер ғана салдыра алады деп ойлаймыз. Сол себепті оған үміт артудың қажеті жоқ, қазір барып, екпе алу керек. Қазір бізде вакциналар бар, шамамен бір аптада ДДСҰ мақұлданған қытайлық вакцина келеді»,- деді министр

Осы орайда, әлеуметтік желіде тарап, халықтың үрейін тудырып отырған , облысымыздағы  Жалағаш ауданының білім бөлім басшысы Садықов Талғат Құрақбайұлы  басшылығымен мектеп директорларына аса күрделі түрде жолданған   хаты. Аталмыш мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында  Opennews.kz   ақпарат агенттігі арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізді. 

Жалағаш аудандық білім бөлімі басшысы С.Т.Құрақбайұлы : «Мен де ата-анамын.Әлеуметтік желіде тараған сұрақтарға байланысты барлық іс-шара тоқтатылды. Алайда, вакцина мектептерде салынбайды.Оқушылар сабаққа емін-еркін қатысады.Мәлімет білім бөлімі тарапынан еш жерге жолданбайтындығын атап өтті.» 

Аудандық білім бөлімі санитарлық эпидемиялогиялық орталығының басшысы Оразғали Аханов мырзаның 07.09.2021 жылғы №2216 хатына сәйкес 12 жастан асқан балаларды коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу жоспарланғандығын хабарлай отырып, екпе жұмыстарына байланысты мектеп оқушыларының толық мәліметін 9 қыркүйекке дейін жолдауды тапсырғандығы айқындалды. Осы мәселе жөнінде, санитарлық эпидемиалогиялық орталығының басшысы Оразғали Аханов мырза: «Бұл хат барлық ауданға жолданған. “Pfizer”вакцинасы 12 жастан асқан балаларға ата-анасының рұқсатымен, тек ерікті түрде салынады.Екпе алмаған оқушылар мектепте еш кедергісіз жүреді.Жоғарыдан берілген тапсырманы орындау міндетіміз»
              
Қолымызға облыстық санитарлық эпидемиялогиялық орталықтың қызметкері Шуақбаева Алмагүл Көшербайқызынан тапсырма келді . Хатта мектеп оқушылар арасында 12 жастан асқан балдарды коронавирус инфекциясына қарсы екпе жұмыстарын жүргізу жоспарлануына байланысты, әр мектеп бойынша балалардың тізімін 20 қыркүйекке дейін Департаментке ұсынуды тапсырған.Алайда, Алмагүл ханыммен байланыс орнату өкінішке орай, мүмкін болмады.Аталмыш мәселе бойынша іс тоқтатылды. Әзірге ата-аналардың наразылығын тудырған мәселе аяқсыз қалды.Дегенменен, осы тапсырманың жасырын бітпесіне кім кепіл? Десек те, болып жатқан оқиғадан, өз ара жолданып жатқан хаттардың біреуінен де , Қызылорда облыстық білім басқармасы беймәлім екендігі белгілі болды. 
                                     
Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп, әлпештеп өсірген перзенті ауырса, не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Мені ал да, баламды аман қалдыр!» деп, құдайға жалбарынатыны сөзсіз.Қойшы көп болса, қой арам өледінің кейіпін кимей,бұлыңғыр болашағымызды айқындайтын игі істерді жасаған жөн.Бүгінгі ұрпақ- ертенгі болашақ екенін ұмытпаған абзал.

Өз болашағымызды өзіміз балталамайық.Балаларымызды қорғаймыз деп жүргенде, бармақ тістеп қалмасақ игі еді...
 
 
журналист,
Ақниет  ҚҰДАЙБЕРГЕН