Жас қыз құмар ойын арқылы ақшаңды көбейтіп беремін деп алдап , 8 млн теңге алған

352
Түркістан облысында құмар ойын арқылы ақшаңды көбейтіп беремін деп алдап, елге 8 000 000 шығын келтірген жас қыз анықталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы белгісіз азаматша ақша берсең, құмар ойыны арқылы көбейтіп беремін деп алдағанын көрсеткен.

Яғни күдікті салған ақшаң еселеп қайтарылатын болады деп сендіріп, 1 000 000 теңгеден астам ақша алған.

Алайда арадан біршама уақыт өткенде телефонын көтермей, байланысқа шықпай қойған.

Белгілі болғандай күдікті жас қыз осындай сылтаумен тағы 19 тұрғынан 50 000-800 000 теңге аралығында ақша алып отырған. Осылайша жалпы 8 000 000 теңгеге жуық шығын келтірген.

Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, бірден ПБ-ға жеткізді. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.