Жасөспірімдер 12 жасар қызды аяусыз соққыға жыққан
Өскемен қаласының орталығында бірнеше жасөспірім 12 жастағы қызды соққыға жыққан. Жәбірленуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
9 маусым күні сағат 17:30 шамасында Өскемен қаласының орталығында 12 жастағы қызға жасөспірімдер шабуыл жасағаны белгілі болды. Бұл туралы оқиғаны әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Александра Исмаилова хабарлады.
Белсендінің және жәбірленушінің анасының айтуынша, қызға 11-15 жас аралығындағы үш жасөспірім шабуыл жасап, оның басы мен бетіне соққы жасаған. Салдарынан жәбірленушінің миы шайқалып, беті жараланған. Көзілдірігі сынғаннан кейін бет терісіне зақым келген. Қыз ауруханаға жеткізілді. Анасының айтуынша, оның бетіндегі жаралар терең, әрі кейін ауыр тыртықтарға айналуы мүмкін.