Шымкентте шетелден келген отбасы белгісіз заттан уланып, екі баланың анасы қайтыс болды

345

Фото: pixabay.comӨзбекстаннан Шымкентке қонақтап келген отбасы белгісіз заттан уланып, салдарынан 36 жастағы әйел көз жұмған. Тағы екі бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Өзге елден келген қонақтар хостелге тоқтаған, олар қалаға пойызбен келген.

Ал таңертең барлық отбасы мүшелері өздерін нашар сезінген. Дегенмен 36 жастағы әйелді құтқару мүмкін болмаған. 11 және 5 жастағы екі бала жедел түрде ауруханаға жеткізілген. 

Отбасы тұрған бөлмеде мамандар дұрыс орнатылмаған сужылытқышын тапқан.

Сондай-ақ, уланудың себебі тамақ болуы мүмкін екендігі де жоққа шығарылмауда. Кей мәліметтерге сәйкес, әйел баклажан жеген. Тағам үлгілері сараптамаға жіберілді. 

"Қазіргі уақытта балалар медициналық мекемеде. Бір баланың жағдайы орташа, екіншісі әлі жансақтау бөлімінде", - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бахадыр Расулов. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.