6 жасар баланы көлік қағып, мерт болды
Алматы облысының Саймасай ауылында 2018 жылғы баланы көлік қағып кетіп, мерт қылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жол апаты 10 мамыр күні Пащенко көшесінде болған. Opel Astra көлігін тізгіндеген әйел жолдың жиегінде ойнап отырған баланы қағып кеткен.
Сол маңдағы адамдар балақайдың әрдайым жолдың арғы бетіндегі құм үстінде ойнайтынын жеткізді. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі шақырылған, олар баланы жансақтау бөліміне жеткізген, бірақ кейінірек балақайдың көз жұмғаны белгілі болды.
Баланың туыстары жүргізуші жазасыз қалады деп қорқып отыр.
Туыстарының айтуынша жол-көлік оқиғасынан кейін әйел қамауға алынбаған.
Алматы облыстық ПД жүргізуші әйел ұсталғанын мәлімдеді. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.