Адам өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАстанада кісі өлтіру қылмысы 21 жылдан кейін ашылды. Күдікті ретінде Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, Астанада 2005 жылы зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның мәйіті табылған.

Алайда айғақтардың болмауына байланысты қылмысты сол кезде ашу мүмкін болмаған. Биыл полиция архивті қайта зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген.

"Нәтижесінде қылмысқа қатысы бар Павлодар облысының екі тұрғыны анықталды. Тамыз айында күдіктілер ұсталып, кінәларын мойындады. Қазіргі уақытта екеуі де қамауда. Тергеу жалғасуда. Өткен жылдардағы қылмыстарды ашу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.