Әкімінің бұрынғы орынбасары мас күйінде көлік айдағаны үшін қамауға алынды

1 355

Фото: pixabay.comАлматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жоғарғы соттың мәліметінше, Ержан Бабақұмаровтың көлігі 29 қаңтарда Астанадағы Төлебаев көшесінде сағат 03:15 шамасында тоқтатылған. Іс материалдарында оның Toyota Land Crusier Prado көлігін мас күйінде басқарғаны көрсетілген.

Нәтижесінде сот оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы шешім шығарды.

Ержан Бабақұмаров 2019 жылдан 2022 жылға дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды. Ал 2022 жылдан бастап президент жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметін" басқарды. 

Сот кабинетіндегі құжаттарда Бабақұмаровтың қазір жұмыссыз екендігі айтылған. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.