Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

1 517

Фото:©ChatGPTкөмегіменАлматыда Таиландтан аса ірі көлемдегі есірткіні елге заңсыз әкелмек болған 22 жастағы Қазақстан азаматы 16 жылға бас бостандығынан айырылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Бас көлік прокуратурасының 2026 жылғы 22-ші шілдедегі мәліметінше, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызды аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын контрабандалық жолмен өткізу және заңсыз айналымға енгізу бойынша кінәлі деп таныған. Іс материалдарына сәйкес, ол ақшалай сыйақы үшін Таиландтан Қазақстанға құрамында каннабис сығындысы бар 2 чемоданды жеткізуге келіскен. Тыйым салынған заттың жалпы салмағы 8,8 келіні құраған. Заңсыз жүк қыз Алматы халықаралық әуежайына келген бойда анықталып, тәркіленген. Сот оны 16 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Үкім заңды күшіне енген.

Прокуратура желілерде таралатын "жеңіл табыс" немесе тегін шетелге саяхаттау туралы ұсыныстардың халықаралық есірткі тасымалының бір бөлігі болуы мүмкін екенін ескертеді. Мұндай қылмыстық схемаларға қандай рөлде қатысқанына қарамастан, барлық қатысушылар қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.