Үйсіз қаңғыбастарды полиция қала сыртына шығарып тастаған
Алматыда полиция қаңғыбастарды қала сыртына шығарып тастаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Айдалада қалған үйсіздер видеосы желіде тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш ер адам өздерін таныстырып, полиция қызметкерлері оларды Алматының әр ауданынан алып кетіп, Қонаев қаласына апарып тастағанын айтады. Айтуларынша, олармен бірге 12-ге жуық үйсізді қала сыртына алып кеткен.
Тұрғылықты жері жоқ адамдар бұрыннан үлкен қалаларда бар. Олар да халықтың белгілі бір кастасы.
Қаз
Рус






