Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылмақ

90

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев бұдан былай қазақстандықтарға жеңілдетілген автонесие берілмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


“4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Авкөліктерді несиелеу бағытын автобустарды несиелеуге ауыстырмақшымыз. Біз бірнеше өңірге бардық, Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл республика бойынша 10525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мәселен, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамы тозған. Ал Олар мен Талдықорғанда 70 пайызының тозығы жеткен. Қоғамдық көліктерді күніне 9 млн 300 мың қазақстандық пайдаланады екен. Сондықтан осы бағытқа басымдық беруді жөн көрдік”, – деді министр.


Қарабаев ел азаматтарына бұдан бұлай жеңілдікпен көлік алу мүмкіндігі берілмейтінін атап өтті.


“Азаматтар көлікті өз ақшасына алады”, – деп нақтылады ол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.