Қазақстандықтардың жартысына жуығы 5 жылға жетпей ажырасып жатыр
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Елде ажырасып жатқан жастардың саны азаймай тұр. 2024 жылы Қазақстанда 40,6 мың ажырасу тіркелсе, оның 43%-ының некесі бес жылға жетпей бұзылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kzсайтына сілтеме жасап.
Data Hub Telegram арнаcының мәліметінше, бұл көрсеткіштің ішінде 3,3 мың жұп некелескеннен кейін алғашқы жылы-ақ ажырасқан, ал тағы 14,2 мың отбасы бір жылдан бес жылға дейінгі аралықта айырылысып кеткен.
Мұндай қысқа мерзімді некелердің үлесі ажырасулар санының ішінде кейінгі 14 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 2023 жылмен салыстырғанда өсім бір пайыздық тармақ болса, алдыңғы онжылдықтың орташа көрсеткішімен салыстырғанда 38% артқан.
Қаз
Рус






