Қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

1 553

Түркістан облысының Кентау қаласында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Полицейлер сәбидің анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Тәртіп сақшылары үй-үйді аралап, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап жатыр. Сонымен қатар оқиға орнында болуы мүмкін куәгерлерден жауап алынып, медициналық мекемелер де тексерілуде.

«Тергеу барысында барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті шаралар жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жариялауға жатпайды», – делінген полиция таратқан ресми хабарламада.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.