Коммуналдық төлемдер шарықтап кетті: Артық ақша қазақстандықтарға қайтарыла ма?

1 517

Кейінгі уақытта қазақстандықтар коммуналдық қызметтердің төлемі күрт өсіп кеткенін айтып, әлеуметтік желіде жаппай шағымдана бастады тұрғындардың айтуынша, ақпан айында келген түбіртектер бұрынғыдан әлдеқайда қымбаттаған,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрлігі бұған дейін төлемдердің өсуін қосылған құн салығының (ҚҚС) 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуімен және ауа райының күрт суытуымен түсіндірген еді. Алайда кейбір өңірлерде коммуналдық төлемдер салық өсімінен әлдеқайда көп көтерілгені анықталған. Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл жағдайға тарифтік реттеушілер тексеріс жүргізетінін мәлімдеген. 


"Біз тарифтердің көтерілмейтінін айттық. Қазір елде коммуналдық қызмет тарифтері ресми түрде өскен жоқ. Егер кейбір өңірлерде төлем негізсіз көбейген болса, тарифтік реттеуші оны анықтап, тұрғындардың артық төлеген ақшасы өтеледі", – деді министр.

Оның айтуынша, кейбір аймақтарда, әсіресе Атырау облысында коммуналдық төлемдердің өсімі ҚҚС мөлшерінің өзгерісінен әлдеқайда жоғары болып кеткен. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.