Қызылордада қылмыстық топ жетекшісі 12 жылға сотталды

1 355

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитеті  мәліметінше Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қылмыстық топ жетекшісі кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылған. Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде.

“Жалпы, 2024 жылдың басынан Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды”, – делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Ұсталғандар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды, қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

“20-дан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде”, – делінген хабарламада. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.