Стоматолог 65,9 млн теңгені заңсыз жымқырған

1 507

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИАлматы облысында МӘМС қаражаты талан-таражға түскен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы облысында екі жеке стоматологиялық клиниканың басшысы туа біткен патологиясы бар балаларға іс жүзінде көрсетілмеген медициналық қызметтерді ақпараттық жүйеге енгізіп, мемлекеттен 65,9 млн теңге алған.

Прокуратура мәліметінше, клиника басшысы балалардың дербес деректерін пайдаланып, оларға ортодонтиялық қызмет көрсетілді деген жалған ақпарат енгізген. Осы мәліметтер негізінде МӘМС қорының қаражаты есебінен медициналық ұйымдарға заңсыз төлемдер аударылған.

— Прокурорлық тексеру нәтижесінде аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Сот үкімімен кінәлі тұлға сотталды. Мемлекетке келтірілген 65,9 млн теңге көлеміндегі залал толық өтелді, - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасы
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.