Қайрат Боранбаев түрмеден босап шықты

1 536

Қайрат Боранбаев түрмеден босап шықты,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің мәліметінше, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған Қайрат Боранбаев 2023 жылғы 6 қарашада бас бостандығынан айыру орнынан босатылып, орнына тұрғылықты жері бойынша жазасын өтеу орнына өз бетімен барады.


“Мекеменің әкімшілігі сотталғанға пробациялық бақылауды есепке алу және жүргізу үшін пробация қызметіне келу бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазасын өтеу орнына бару туралы бұйрық береді, оған оны сипаттайтын материалдар да жіберіледі”, – делінген ақпаратта.


Еске салайық, 20 қазанда Боранбаевқа қатысты сот үкімі өзгеретіні белгілі болған. Сот Боранбаевтың өтінішін қанағаттандырып, жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырған.


Бұған дейін сот үкімі бойынша Қайрат Боранбаев мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.