Тасжолда бір мезетте 19 көлік соқтығысты

1 373

Фото: Видеодан скриншотҚарағанды облысында Екатеринбург-Алматы автожолында 19 жеңіл көлік соқтығысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ақпаратқа сәйкес, 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатеринбург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды. 

Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданған.

"Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған. Жол-көлік оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау", – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.