Қызылордаға келген сенаторлар мұнай кен орнының жұмысымен танысты

239
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Сенаторлар сапардың бірінші күні жерасты қатпарынан мұнай өндірілетін кен орнында болып, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.

Биыл маусым айында Парламентте көмірсутегінің дәстүрлі емес түрлерін, оның ішінде тақтатас асты мұнайын барлау мен игерудің заңнамалық негізін қамтамасыз ететін түзетулер қабылданды. Сондықтан бүгінгі таңда осы саладағы заңнамалық ережелерді іс жүзінде жүзеге асыру маңызды болып отыр, – деді Ерік Сұлтанов.

Компания өкілдері сенаторларды тақтатас мұнайын өндірудің келешегі, барлау, бұрғылау, өндіру технологиялары, сондай-ақ кен орнының даму барысы туралы хабардар етті.

Бұл компания қойнауы кенге толы Қарағансайдағы тақтатас жынысының асты мұнай мен газға бай екенін ел тарихында алғаш рет анықтаған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.