Жол апаты кезінде отбасынан айырылған полиция қызметкері сотталды
Ақтөбеде жол апатында отбасынан айырылған полицей сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ақтөбеде отбасымен бірге жол апатына ұшыраған 28 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Қайғылы оқиға 26 тамызда Ақтөбе облысындағы Әлия Молдағұлова атындағы ауылдың маңында болған. Сотталушы мінген көлік ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан сотталушының ата-анасы, інісі және екі жиені қаза тапты. Іс бойынша сотталушының үлкен ағасы жәбірленуші болып танылған.
Сотталушының үкімі оның әріптестерінің қатысуымен жарияланды. Қайғылы оқиғаға дейін ол құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Алайда сотталушының қорғаушылары мұндай жағдайда сот процесін шоу етіп өткізуді орынсыз деп санады.
Айыптаушы тарап сотталушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Іс "абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергелген. Бұл бап бойынша бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.