Банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген
1 532
Түркістан облысында банк қызметкері тұрғындардың атынан несие рәсімдеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Полицияның мәліметінше, Қазығұрт аудандық полициясына бір топ жергілікті тұрғын шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, олардың атынан белгісіз біреу несие алған. Полиция бұл фактіні "Алаяқтық" бабы бойынша тіркеді.
"Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам банк қызметкері бола отырып, банк клиенттерінің құжаттарын пайдалана отырып, 70 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін несие рәсімдеген. Ер адам 47 адамды алдады деген күдікке ілінді, жалпы шығын көлемі шамамен 21 миллион теңгені құрады", – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.