Танысына жала жапқан әйел адамның өзі сотталды

1 386

Фото: istockphoto.comШығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тергеу барысында биыл ақпан айында азаматша өзінің танысымен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасаған.

Әйел адамның жалған айыптауының нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшырап, тергеу жүргізілді.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде «жалған жәбірленуші» ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасаудағы өз кінәсін толық мойындады (ауыр қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған хабарлау) және кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтініш білдірді. Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен әйел Қылмыстық кодекстің осы бабы бойынша кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген прокуратура хабарламасында.