Танысына жала жапқан әйел адамның өзі сотталды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Шығыс Қазақстан облысында зорлау туралы көрінеу жалған хабарлау оқиғасы анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Тергеу барысында биыл ақпан айында азаматша өзінің танысымен пәтерде масаң күйінде онымен өз еркімен жыныстық қатынасқа түскені анықталды. Ал келесі күні ол құқық қорғау органдарына оны зорлады деп айыптап, жалған мәлімдеме жасаған.
Әйел адамның жалған айыптауының нәтижесінде жазықсыз адам қылмыстық қудалауға ұшырап, тергеу жүргізілді.
Қаз
Рус






