Мүмкіндігі шектеулі ер адам үйінде өртеніп кетті

1 391

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comСолтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында зейнеткер өз үйінде тірідей жанып кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Өрт басталғанда жалғыз тұратын 69 жастағы ер адам ұйықтап жатқан. Зейнеткердің мүмкіндігі шектеулі екені анықталды, ол өздігінен жүріп-тұра алмаған екен. Өрт сөндірушілер жетемін дегенше, үйдің төбесі опырылып ортасына құлаған.

Құтқарушылар марқұмның денесін қиранды арасынан шығарып алды. Сараптама тағайындалып, өрттің неден шықққаны анықталып жатыр.

«Оқиға орнына сағат үштен 42 минут кеткенде жетті. Өртенген аумақ 55 шаршы метр. Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Ал марқұм — бірінші топтағы мүгедек», – дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының орынбасары Аян Құсайынов.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.