ІІМ шетелдіктердің Қазақстанға кіру ережесін өзгертуді ұсынды

1 511

Фото:©Oscar Wong/Getty ImagesІшкі істер министрлігі иммигранттардың Қазақстанға келуі, онда болуы және елден шығу ережелеріне қатысты өзгерістер әзірледі,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 ІІМ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасына кіруге электронды рұқсат беруді ұсынып отыр. Бұған көші-қон бақылауын жаңғырту және цифрландыру жөніндегі президент тапсырмасы, сондай-ақ "Халықтың көші-қоны туралы" заңның 6-бабының ережелерін іске асыру негіз болған. Ведомство бұл жаңашылдық көші-қон ағынын есепке алудың ашықтығын, жеделдігін және толықтығын қамтамасыз етеді деп санайды.

"Электрондық рұқсатты ресімдегені үшін төлемақыны саралау үздіксіз техникалық қызмет көрсету, цифрлық инфрақұрылымды жаңғырту және дербес деректерді қорғау үшін сервистік құралдарды шоғырландыруға мүмкіндік береді", - делінген бұйрық жобасында.

Электронды рұқсат беру жүйесін енгізу 2026 жылғы тамыз бен желтоқсан аралығында кезең-кезеңімен жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.