Жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр

1 514

Фото: Lada.kzМаңғыстау облысында Баутино ауылының тұрғыны Владимир Шевченконы іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр,- деп хабарлайды  Оpennews.kz  ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жақындарының айтуынша, Владимир Шевченко 13- ші қаңтар күні таңғы сағат 07:00 шамасында Ақтауға жолға шыққан. Сол күні кешкі сағат 19:00-де жұбайымен соңғы рет байланысқа шығып, басшылығына да үйіне қайтып келе жатқанын хабарлаған. Алайда содан кейін онымен байланыс үзілген.

Ол ешқайда кетуді жоспарламаған, келесі күні әдеттегідей жұмысқа жиналуы керек еді. Сағат 19:00-ден кейін хабарласпай қойды. Біз полицияға жүгіндік, бірақ үш күн күту керектігін айтты. Адам жоғалып кеткенде қалай күтуге болады? - деді жұбайы Любовь Шевченко.

Белгілеріне келсек, Владимир Шевченко жоғалған күні қара түсті күрте, қалпақ, сұр шалбар киген. Аяғында берцы болған, өзімен бірге қара рюкзак алып жүрген.

Ер адамды көрген немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан құқық қорғау органдарына хабарласу сұралады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.