Жалағаш ауданың даму жылдары
1987 жылы Қожахмет Баймаханов басшы болып тағайындалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
1982 жылы Таң совхозында тұратын Смағұл Қарымсақов жасының ұлғайып, шау тартқанына қарамастан шаруашылық науқанына белсене араласып, көпшілікке үлгі көрсетті.
1983 жылы аудандық жас техниктер стансасы ашылды.
1985 жылы аудан мемлекетке 72354 тонна астық, 4560 тонна бақша өнімдерін, 2044 тонна ет, 3623 тонна сүт, 228 тонна жүн, 30233 дана қаракөл елтірісін тапсырды.
1986 жылы ауданда 100 миллион сомның үстінде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді.
1987 жылы №14, 17 жылжымалы мехколонналар біріктіріліп, оған Қожахмет Баймаханов басшы болып тағайындалды.
1977 жылы Мақалкөл елді мекенінің тұрғыны Ысқақов Жұбатқан бригада бойынша 74 центнерден өнім алса, даңғайыр диқан Ұлтуған Тұрмаханова әр гектардан 101 центнерден өнім келтірді.
1978 жылы аудандық Мәдениет үйі ғимараты пайдалануға берілді.
1979 жылы ауданда егілетін ауылшаруашылығы өнімдері бірнеше пайызға артты.
1980 жылы №19 санаториялық балабақшаның іргетасы қаланды.
1981 жылы аудан мемлекетке 780 мың центнер күріш, 18618 чентнер ет, 29000 центнер сүт, 3041 центнер жүн, 41183 дана қаракөл елтірісін тапсыруды қамтамасыз етті.
1973 жылы №114 орта мектепке директор болып келген Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің үздігі Тасқара Балғабаев аталған білім ошағына 25 жыл басшылық жасады.
1974 жылы «Жалағаш» совхозының орталығы Далдабайдан Қаракеткенге көшіріле бастады. Осы ретте құрылысшылар өте ауқымды жұмыстар атқарды.
1975 жылдың жазында Сырдария өзеніне салынған көпір пайдалануға берілді.
1976 жылы дария көпірі арқылы арғы бетке қатынас жолы орнады.
1971 ЖЫЛЫ 14988 ГЕКТАР ЖЕРГЕ КҮРІШ ЕГІЛДІ
1969 жылы «Алтын арай» ансамблінің құрылуы аудан үшін елеулі оқиға болды.
1970 жылдан бастап күріш өндіру көлемі артып, жыл сайын еңбеккерлер межеден шығып отырды.
1971 жылы Жалағаш ауданы 14988 гектар жерге күріш екті. Сол жылы болған ауылшаруашылығы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде «Жалағаш ауданы бұрын жеті жыл бұрыңғы бүкіл республика өндірген күрішті өндіріп отыр» деп атап өтілді.
1972 жылы ауданда облыс көлемінде алғашқылар қатарында екі қабатты баспа үйі салынды. Шаруашылық есептегі баспахана аптасына үш рет аудандық газет шығарды.
1964 жылы Сырдария өзенінің Қараөзек сағасының басталар жерінде Сырдария табанына бетон плотинасы орнатылды. Бұл дарияның оң жағалауынан су деңгейі реттелген Әйтек су жүйесінің іске қосылуына негіз болды.
1965 жылы Жалағаш ауданы Қармақшыдан қайтадан енші алып, қаңтар айында аудандық партия комитетінің алғашқы ұйымдастыру конференциясы болды.
1966 жылдың қарашасына дейін Аманов Сұлтан аудандық атқару комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
1967 жылы «Таң» өз алдына совхоз болып бөлініп шықты.
1968 жылы аудан тұрғындарына қызмет көрсету мақсатында 17 автобус, 4 «Волга» маркалы жеңіл автокөлік алынды.
1959 жылы 1 қыркүйектен бастап «1 май» жеті жылдық мектебі орта мектеп болып қайта құрылды.
1960 жылы Қарақұмға ауданның 100 мыңға жуық қойы, 4 мыңдай жылқысы, 1 мыңнан астам түйесі шықты. Тоқсаныңшы жылдардың ортасына дейін Қарақұмда мал жатты.
1961 жылы сауда саласында Еңбек ауылының дүкен меңгерушісі Қ.Асанбаев, қаракеткендік И.Бақтыбаев, У.Қыстаубаев, жаңаталаптық З.Якияев жоспарларын 103-107 пайыз артығымен орындады.
1962 жылғы 24 қазандағы еңбекшілер депутаттары облыстық кеңесі атқару комитетінің №451 қаулысы бойынша аудандар ірілендіріліп, Жалағаш ауданы Қармақшы ауданына қосылды.
1963 жыл Алдаберген Бисенов «Жаңаталап колхозының төрағасы болып қызмет атқарды.