Анасы жасөспірім қызын аяусыз соққыға жыққан

1 652

Фото: otyrar.kzЖеліде жасөспірім қыздың аяусыз соққыға жығылғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Видеодан қолына пышақ ұстаған әйелдің жасөспірім қызға қарай пышақ сермеп, бетіне тақағанын көруге болады. Содан соң әйел жасөспірімнің бетіне бірнеше рет соққы жасап, басынан шелекпен ұра бастайды. Видеода оқиғаның осы жылдың 30 наурызында болғаны анық көрсетілген.


Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Полицияның мәліметінше, жасөспірімнің әйелдің бірінші некесінен туған қызы екені анықталған. Қазір қыз әкесінің қамқорлығында. 


"Полиция қызметкерлері бейнежазбада көрсетілген тұлғаларды анықтады. Аталған факті бойынша 2024 жылдың 31 наурызында қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – делінген полиция хабарламасында. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.