Алматыдағы Rixos қонақ үйінің менеджеріне еврей қауымдастығының жиыны үшін айыппұл салынды.

445
Rixos қонақ үйінің менеджеріне еврей қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараны өткізгені үшін 30 АЕК айыппұл салынды. Одан бөлек, қонақ үйге қатысты тексеріс жалғасатын болды. Бұл туралы ОКҚ өткен онлайн-брифинте Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты. 

"Мониторингтік топ материалдары бойынша синагог тарапынан да, Rixos тарапынан да ұйымдастырушы менеджерлер жазаланды. Қонақ үй менеджеріне 30 АЕК (87 510 теңге - ред.) айыппұл салынды және қазір жұмыс жалғасып жатыр.

 Бұл тексеру прокуратурадан рұқсат алғаннан кейін жүргізіледі және анықталғандардың бәрі жазаланады. Бәрі заң аясында болады. Аталған іс-шараны ұйымдастырып, өткізетін орын бергені үшін қонақ үй менеджері жазаланды", - дейді Жандарбек Бекшин.

 Оның сөзінше, жиынға қатысқандарға маска тақпағаны үшін айыппұл салу мүмкін болмапты. Өйткені олар сырттан келгендер және бір тәуліктен кейін Алматыдан кетіп қалған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.