Атырауда 24 жастағы жігіт гаражында заңсыз қару сақтаған

189
Атырауда 24 жастағы жігіт  гаражында заңсыз қару сақтаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп заңсыз қару сақтаған қала тұрғынын анықтады.

Ер адамның гаражын тінту кезінде 2 дана қосауызды, 1 дана бірауызды аңшылық мылтықтарының кесінділері, 2 дана атыс қаруы, резеңке таяқшасы, тапаншаның бөлшектері мен электрошокер табылып, тәркіленіп алынды.

«Қазіргі уақытта қару-жарақ құралдарын заңсыз сақтаған 1998 жылы туған күдікті ұсталып, тәркіленген айғақ заттарына баллистикалық зерттеу тағайындалуда. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287 бабының 2 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп көрсетті Атырау облыстық Полиция департаменті.