Референдум күні жаңа туған 44 сәби тіркелді

1 510

Фото:© Алматы қаласы әкімдігіАлматыда референдум күні 44 сәби дүниеге келді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

15-ші наурыз күні сағат 00:00-ден 14:00-ге дейін Алматы перзентханаларында 44 сәби дүниеге келген, оның 21-і ұл, 23-і қыз.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелер мен олардың аналарының жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауында. Сол күні қаланың акушерлік көмек көрсететін медициналық ұйымдарында пациенттердің республикалық референдумға қатысуына мүмкіндік ұйымдастырылған. Үш перинаталдық орталық пен үш перзентханада стационарда ем алып жатқан босанушылар мен босанған 558 әйел дауыс беруге қатысқан. Пациенттер үшін дауыс беру емдеу тәртібін және босанғаннан кейінгі қалпына келу режимін бұзбай ұйымдастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.