Қызылордадағы жол апатынан бір адам көз жұмды

443
Қызылорда облысында жол апаты орын алып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




2 ақпанда Самара – Шымкент тасжолының 1860/406-шақырымында Шиелі ауданы Сулутөбе ауылының тұсында Ресей елінен Қырғызстан Республикасына қарай бағыт алған Toyota автокөлігі аударылған. 

Анықталғандай, автокөлік жүргізушісі тайғақ жолда рөлді басқара алмай қалған. Жол апаты салдарынан автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмса, 6 жолаушы жарақат алды, олар ауруханаға жеткізілді. Барлығы Қырғызстан Республикасының азаматтары. 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345- бабының 3-бөлігімен бойынша СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 ақпанда сағат 00:00 мен 15:00 аралығында Қызылорда облысы көлемінде барлығы 14 жол-көлік оқиғасы болды. 11 автокөлікке материалдық шығын келтіріліп, бір адам қаза болып, 10 адам жарақат алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.