Бір тәулікте миллиардерлер мінген 20 ұшақ Украинадан ұшып кетті
312
Украинаның олигархтары мен бизнесмендері Киевтен чартерлік рейспен жаппай кетіп жатыр деп жазды turkystan.kz «Украинская правда» порталына сілтеме жасап.
Порталдың хабарлауынша, өткен жексенбі, 13 ақпанның өзінде ел астанасынан 20-ға жуық чартерлік рейс пен жеке ұшақтардың ұшып кеткенін байқауға болады. Мұндай дүрбелең соңғы 6 жылда бірінші рет байқалып отыр.
Украинадан ұшып шыққан чартерлер мен бизнес ұшақтардың арасында Forbes нұсқасы бойынша 100 ең бай украиндықтардың тізіміндегі алғашқы үштікке кіретін Ринат Ахметов пен Виктор Пинчуктің де борттары бар. Ал Борис Колесников деген миллиардер Киевтен ешқайда кетпегенін мәлімдеді. Ол жеке ұшағының Прагаға техникалық жөндеуге ұшып кеткенін айтты.

«Миллионер Игорь Абрамович те 50 жолаушыға арналған бизнес борт жалдаған екен. «ОПЗЖ» депутаты Венаға партияластарының туысқандары мен бизнес әріптестерін жеткізуді көздеген. Алайда Игорь Абрамовичтің өзі әлі бұл мәліметті растаған жоқ. Сондай-ақ бұл күні бизнесмендер Андрей Ставницер (Ең бай украиндықтар тізімінде 49-орын) және Вадим Нестеренко (96-орын), ал бір күн бұрын Вадим Столар (64-орын) және Василий Хмельницкий (29-орын) шетелге ұшып кетті» деп жазды портал тілшілері.