Қызылордада полиция қызметкерлері ұрыны құрықтады

771
Қызылордада ЖБО қызметкерлері велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


20 қазанда 102 арнасына облыс орталығының тұрғынынан көпқабатты үйлердің ауласында тұрған велосипедін белгісіз адам ұрлап кетіп қалғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда ҚПБ Жедел басқару орталығының қызметкері қала аумағындағы бейнекамераларды қарау барысында патрульдік қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп, күдікті азамат құрықталды. 

Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.