Жас ананың басына мұз кесегін лақтырды

1 511

Фото: instagram.com/qumash_kzПавлодарда үйдің жанынан өтіп бара жатқан жас ананың басына әлдебіреу жоғарыдан мұз кесегін лақтырған, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Полиция денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Кінәлі тұлға іздестіріліп жатыр.

Облыс орталығында Назарбаев даңғылы6 № 157 үйдің жанымен өтіп бара жатқан жас ананың басына әлдебіреу жоғарыдағы терезеден мұз кесегін лақтырған. Ауыр заттың салдарынан әйел адамның басы жарылған. Бейнежазба жергілікті әлеуметтік желіде пайда болды.

Бір қызығы, бұл оқиға 8 шілде күні болғанымен, аталған жайт үшін ешкім жауапкершілікке тартылмаған. Зардап шегушінің туыстары әлеуметтік желіде әйелдің басын жарған адамды өздері іздеуге мәжбүр екенін жазған. Полиция органдары әлеуметтік желідегі жазбалардан соң ғана мәселеге көңіл аударған.

"Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды алып, зерделеді. Куәгерлерден жауап алып, басқа да қажетті тергеу әрекеттерін жүргізді. Бейнежазбада жәбірленушінің үстіне заттың құлаған сәті тіркелген. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық іс Павлодар облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында", — деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Аталған жайтқа қатысы бар тұлғаны анықтау, оны заңда белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.