Есірткі жарнамасын үй қасбеттеріне салған күдікті ұсталды

1 168

Фото: pixabay.comАлматыда есірткіні жарнамалаған 33 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ол Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысындағы ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған. 

Алматы қаласы полициясының мәліметіне сәйкес, күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған.

«Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да «көркем» құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда, олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Алмалы аудандық полиция Басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.