Шенеуніктер 300-ге жуық жетім баланы жәрдемақысыз қалдырған

282
Елімізде 300-ге жуық жетім бала жәрдемақы мен тұрғын үйден қағылған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бала құқығын қорғау комитетінің тексерісінен кейін 300-ге жуық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға төленбеген жәрдемақы қайтарылды.

Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 1 сәуірден бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шотына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды,– дейді бала құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.


Тексеру кезінде басқа да кемшіліктер анықталған. Мысалы, жетім балаларды баспана кезегіне қою мерзімі сақталмаған.

Қамқоршылардың, патронат тәрбиешілердің есеп беруіне және жетім балалардың жылжымайтын мүлігінің сақталуын қамтамасыз етуге тиісті бақылау жүргізілмеген.

Анықталған заңбұзушылықтар бойынша комитет сәйкессіздікті жою жөнінде нұсқама берді. Бірқатар басшы мен маман 30 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапқа тартылды.