"Келін міндетті емес.." имам ақыл айтқыш енелерге кеңес берді
1 481
Әлеуметтік желіде жұлдызға айналған Нұрлан имам келініне күн бермейтін енелерге кеңес берді.
Бұл туралы имам өзінің Instagram-дағы парақшасында айтты, деп хабарлайды Экспресс К.Имамның айтуынша, өзіне келетін сұрақтардың көпшілігі отбасына, оның ішінде ене мен келінге қатысты екен. Әсіресе келін тәрбиесі жөнінде сұрайтындар көп.
"Келінді қайта тәрбиелеуге бола ма?" дейді. Келін тәрбиленбейді ағайындар. Оны тек үйретуге болады. Адам өз отбасында тәрбиеленеді. Ер жеткен соң үйренеді, тәжірибе жинақтайды, соны әдет-ғұрпына айналдырады,
— дейді имам.
— дейді имам.
Имам ақыл айтқыш енелер бір уақытта өздерінің келін болғанын ұмытып кететінін айтады. Қазір адамдардың санасында ортақ нәрсе жоқ. Олар бір нәрсені сындырып жібереді немесе жоқ қылады. Отбасында келін мене енеге қатысты да осындай мәселе бар. Келінді ата-анасы тәрбиелеуі керек. Имам кикілжіңдерге тек бір адам кінәлі болмайтынын айтады.
Тек ене кінәлі деуге болмайды. Бір жерде келін, бір жерде ене кінәлі. Көп жағдайда екеуінен де емес ортадағы жігіт айыпты болады. Адамды бір бағытқа тәрбиелеу мүмкін емес шығар. Тәрбиеге көнетін адам бар, көнбейтін де адам бар,— дейді имам.
Оның айтуынша, кейбір енелер "мендей бол" деп келінге талап қояды. Келін енедей бола алмайды. Себебі ол басқа үйдің тәрбиесін, тәртібін көрді. Сондықтан түскен жерінің тәрбиесін қабылдай алмауы мүмкін. Сондай-ақ кейбір енелер өзге үйдегі келіндерді көріп, оны өзінің келінінен талап етеді. Бұл — дұрыс емес. Әркімнің өз жолы, өз ризығы бар.
—Шариғаттың үкімімен кесіп тұрып айтатын болсам, талайдың жүрегі жарылып кететін шығар. Шариғатта келін сізге міндетті деген үкімді таба алмайсыз. Кім міндетті болады? Ол — өзегіңінен жарып шыққан балаларың. Келін мен баланың ортасын молданың оқыған некесі ұстап тұрады. Сенің балаңның аузынан талақ деген сөз шықса, қиған неке бұзылып кетеді. Сондықтан балаңыз аузына ие болуы керек,— дейді имам.
Нұрлан имам әркімнің өз орны бар екенін айтады. Келіннің бұзылуы қабағы мен көзінен басталады. Сұраққа жауап бермейді. Осындай кезде ене ерегіспей бетін қайтаруы керек дейді ол.
Көп жағдайда келін мен ененің ортасында бала тұрады. Көп аналар баласын адам құрлы көрмейді. "Сені мен тапқам, өзім шешемін" дейді. Осылайша келінге де қатты сөйлейтін енелер бар,— деді имам.
Нұрлан имам "Келінімді қызымдай көремін" дейтін енелер ойлануы керек екенін айтады. Себебі ешқашан келін қызындай болмайды. Енелер өзінің қызы қандай болса да оған шаң жуытпайды. Ал келін де сондай біреудің қызы. Сондай-ақ имам келін маскүнемнен, тіпті ойнастан туылса да оның дәрежесін, арын-намысын түсіріп, дүние мүлкін айтып, кемітуге болмайтынын айтады. Енелер келінді құл сияқты көрмеуі керек дейді ол.
Имам қияметтің күні адамның жеке ақысына кіргендерге Алланың сұрағы қатты болатынын айтады.