Колледж студенті оқушыға пышақпен шабуылдаған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Ақтөбе облысында колледж студенті мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасаған. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған. 17 жастағы 2 курс студенті мен 9-сынып оқушысы төбелесіп қалған. Ашуға булыққан студент мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасаған. Аудандық аурухана дәрігерлері «оң жақтағы иық, бел аймағы және іш аймағының тесілген жарақаты» диагнозын қойды.
Қаз
Рус






