ТҰРМАҒАМБЕТ АУЫЛЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНІҢ «АЛТЫН КҮЗ-2022» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

230
         
Бүгін Қармақшы ауданы Тұрмағамбет ауылында  ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз-2022» мерекесі өткізілді,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл күні  «Тұрмағамбет» ЖШС-нің Сыр маржанын  төкпей-шашпай жинауда  күні-түні тер төккен дала диқандарының еңбегі айшықталып, құрмет төрінен көрінді.

Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев пен аудандық мәслихаттың хатшысы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері және ауыл тұрғындары қатысты. 

Ауыл шаруашылығы  еңбеккерлерінің мерейлі сәтімен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары ел диханшыларының өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберліктерінің арқасында бүгінгі күні ел алдында ең жоғарғы құрмет пен қошеметке ие болып, марапаттқа  лайық екендігін атап өтті. 

Сондай-ақ Тұрмағамбет ауылының бірқатар азаматтары ауданның  әлеуметтік – экономикалық дамуына өзіндік қосқан үлестері ескеріліп,аудан әкімі және аудандық мәслихат хатшысының Құрмет грамотасымен марапатталды. 
Шара барысында «Тұрмағамбет»ЖШС-нің тарапынан ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткiшке қол жеткiзген ауыл еңбеккерлері, диханшылары марапатталып, қаржылай сыйақы мен арнайы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шара соңы  ауыл өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сондай-ақ, аудан жастары қазақша күрес, арқан тартыс және қол күрес сынды спорт түрлерінен күш сынасты.