"Буллинг". Алматыдағы мектептердің бірінде оқушылар мұғалімнің көзінше порно көрген

1 879
Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook желісіндегі парақшасында Алматыдағы жекеменшік мектептердің біріндегі буллинг туралы айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Бұл сұмдық жағдай, бұл мектепте тәртіп, оқушылардың және мұғалімдердің жеке құқығы мен шекарасын сыйламайтындары көрініп тұр", - деп жазды "Немолчиkz" қорының басшысы. 

Одан бөлек, балалар сабақ кезінде порно көріп отырған, ал мұғалім оларды байқамаған сыңай танытуына тура келген. 

Видеоны жіберген әйелдің сөзінше, бірнеше оқушы, оның ішінде өзінің ұлы да сыныптастары тарапынан буллингке ұшыраған. 
Смаилова жәбірленуші оқушы басқа мектепке ауысып кеткен, бірақ әлі күнге дейін психологпен жұмыс істеп жатқанын айтты. 
Видео 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушыларының кабинетінде түсірілгені анықталды. Бірақ видео енді тарағандықтан ел назарына іліккен. 
Бұл дерек бойынша Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департамент әкімшілік іс жүргізуді қозғады.
26 қаңтарда лицей басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.