«ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІМДІ ОТБАСЫМА, ҚОҒАМҒА ЖҰМСАЙТЫН ШАҒЫМДА ТЕМІР ТОРҒА ТОҒЫТЫЛДЫМ»

325
ЗК-169/5 мекемесінде әрқилы тағдыр иелері бар. Жазасын өтеп жатқандардың ішінде 30 жастағы жігітт білместікпен жасөспірім қызға зорлық көрсеткен,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қалай болды?

Қызылорда облысында туып өскен Бақдәулет (есімі өзгертілді) жастайынан әкеден ерте айрылды. Сол сәттен бастап отбасы мүшелеріне қарайласып, оларды аяққа тұрғызу жауапкершілігін мойнына алады. Балаң жігіт арнайы білімі болмаған соң әртүрлі ауыр жұмыстарға жегілді. Ауруға бой алдырған қарт анасының арқа сүйер ұлы күндердің күнінде оңбай қателескенін айтады. 


-    Вокзал мен базар айналасында жүк  тасушы боп жүрген кезім болатын 8-9-жас шамасындағы жасөспірім қыз саябақ ішіндегі тепловозға баратын жолды көрсетуімді сұрайды. Тұлымшағы желбіреген қызбен ілесіп саябақтағы тепловозға келедім. Сол жерде ерексіз арам ой миыма сап етті. Бар ойым құмарымды қандыру болды. Одан әрі сезімімді тежей алмадым. Шыңғырды, жылады мән бермедім. Неге олай жасағаныма әлі өкінемін,- деді жазасын өтеуші

 Бақдаулеттің жасөспірім қызды зорлады дегенін естігенде анасы жер бауырлап жатып қалады. Бес баланың ішіндегі бас көтерері осы болған соң бар үміті, арман-тілегі тек Бақош  ұлымен жалғасатын. Себебі 2 қызы тұрмыста, қалған 1 ұл 1 қызы мүгедек, еңбекке жарамсыз. Осылайша педофил атанған жігіт 15 жылды арқалап кете барды. 


-    Жасаған ісіме өкінемін. Ондай қателікке ешқашан бармауға өз-өзме серт бердім.  Түрме өмірге көзқарасымды түбегейлі өзгертті. Жақсы ниетте болуға, ізгі істерге ұмтылуға үйретіп жатыр. Осында келгенде жасым 25-те болатын. Мерзімімді аяқтағанда 40 жаста болады екенмін. Жастық жігерімді, бар ақыл-қайратымды отбасыма, қоғамға жұмсайтын шағымда темір торға тоғытылдым. Қандай өкінішті. Ешкімнің басына салмасын. Әр істі ақылмен шеше білуге бала кезден дағдылану керек,- деді Бақдәулет ауыр ойдан дауысы құмығып.

Аталған мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы Алтынбек Өскенбаевтың айтуынша Бақдәулеттің тәртібі, қызметкерлермен қарым-қатынасы жақсы. Сотталған аула сыпырушы боп қызметін мінсіз атқарып келеді.  Сол жұмысының арқасында мемлекет шығынын толық өтеген. Ендігі кезекте жаза мерзімі аяқталған соң өз отбасын құрып, жаңа өмірге бет бұруын тіледік.   

ЗК-169/5 мекемесі