Жасөспірім көлік ұрлап, апатқа ұшыраған

1 354

Фото: depositphotos.comҚарағанды облысында жасөспірім көлік ұрлаймын деп жол апатына ұшыраған. Полиция баласына жауапсыз қараған ата-анасына айыппұл салды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жеңіл автокөлік ұрлады деген күдікпен 11 жастағы жасөспірімді ұстады.


«Оқиға Абай қаласында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жасөспірім 32 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі автокөлікті жүргізіп көрмек болған. Баланың көлік жүргізу тәжірибесі болмағандықтан, тасжолда көлікке ие бола алмай, жол шетіндегі кюветке аударылған. Оқиға орнынан қашып кеткен жасөспірімнің жеке басын полиция жедел түрде анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Көлікті ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар жасөспірімнің құқық бұзушылығы үшін ата-анасын жауапқа тартты. Сот шешімімен оларға 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды», - делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.