12 жасар баланы соққыға жыққан зейнеткер жауапкершіліктен босатылды

1 545

Фото: Shutterstock.Шымкентте 63 жастағы зейнеткер аулада ойнап жүрген 12 жасар баланы соққыға жықты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Сот-медициналық сараптама баланың денсаулығына жеңіл жарақаттар келтірілгенін анықтады. Тергеу барысында айыпталушы кешірім сұрап, шығынды өтеген. Баланың ата-анасы татуласқанын мәлімдеп, талап-арыздан бас тартты. Сот тараптардың келісіміне байланысты істі тоқтатып, зейнеткерді қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Ер адамға үш ай бойы жәбірленушімен кездесуге тыйым салынды. Шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.