Ер адам елді алдап миллиондарды қалтаға басқан

1 523

Фото:© muftiyat.kzАстанада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырған ер адам қажылық сапарды ұйымдастыруды уәде етіп, азаматтардан миллиондаған теңге жинап алған, - делінген хабарламада. 

Алайда берілген уәде орындалмай, жәбірленушілердің саны артып отыр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті азаматтар Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырамын деп уәде берген. Олар жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін қамтамасыз ету қызметтерін сылтау етіп, жәбірленушілерден алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмеген. Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталған.

Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, — деп хабарлады құзырлы органнан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.