Ақтөбеде үшем дүниеге келді

1 548

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігіАқтөбелік Расул мен Полина Саматовтар үшемді өмірге әкелді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агентігі.

Әкімдіктің мәліметінше, сәбилер 30 мамырда Ақтөбе медициналық орталығында дүниеге келген. Оларға Амир, Амин және Айша есімдері берілген.

Медициналық университет кафедрасының профессоры Светлана Шиканованың айтуынша, статистика бойынша ЭКО технологияларынсыз үшемнің дүниеге келуі – сирек кездесетін жағдай.

Десе де Полина Саматованың жүктілік пен босану кезеңі сәтті өткен. Сәбилердің жағдай қанағаттанарлық болған соң перзентханадан шығарылған.

Жалпы жыл басынан бері Ақтөбе облысында 5255 сәби дүниеге келген. Оның ішінде 51-і – егіздер, ал екеуі – үшем.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.